Қор туралы

«КҮН БАЛА» Даун синдромымен туылған балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету» Қоғамдық қоры 2015 жылдың 14-тамызында құрылды. Аталмыш қордың негізі Даун синдромымен туылған балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеп отырған бірнеше отбасының қатысумен қаланды, және бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша Даун синдромы бар адамдардың мүддесін қорғайтын бірінші және бірегей орталық болып табылады. Біздің қор Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Даун синдромымен туылған балаларды тәрбиелеп отырған 200-ден аса отбасылардың басын қосып, олардың мүддесі мен құқықтарын қорғайды.

Біздің қордың миссиясы – Қазақстанда Даун синдромымен туылған балалардың өмірін жақсы жағына өзгерту

Цели и задачи фонда:

  • Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Даун синдромымен туылған балалардың әлеуметтік жетімдік деңгейін азайту.
  • Даун синдромымен туылған балалары бар отбасыларға әлеуметтік және психологиялық көмекті ұйымдастыру және көрсету
  • Даун синдромы бар балалардың отбасыларына құқықтық қолдау көрсету
  • Даун синдромы бар балаларға арналған мемлекеттік ерте жастан дамыту жүйесінің дамуына ықпал жасау
  • Даун синдромымен туылған адамдардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға араласуына ықпал ету
  • Даун синдромы бар адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалардың дамуына ықпал жасау
  • Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуына ықпал жасау
  • Даун синдромымен туылған адамдармен жұмыс істеу тәжірибесін тарату және дамыту
  • Даун синдромымен туылған адамдарға қатысты қоғамның көзқарасын өзгерту мақсатында ҚР халқының Даун синдромы туралы ақпараттылық деңгейін көтеру