Қалай бастарымды білмей көп ойланып, ақыры бір шешімге келіп жазуға ұйғардым!

Қалай бастарымды білмей көп ойланып, ақыры бір шешімге келіп жазуға ұйғардым!

Осыдан 4 жыл 2 ай бұрын, ұлым Заңғар дүниеге келді. Бұл, менің тұла бойым, тұңғышым еді, жасым 23-те болатын. Ұлыма екіқабат кезімде, бір рет тұмауратып, бір рет балаға ауа жетіспеушілігі бар деп, екі рет ауруханаға жатып шыққаным болмаса, барлығы жақсы өткен. Толғағымда жеңіл болып, өзім жақсы босандым. Босанған кейін, 2 күннен соң, мені дəрігер жеке шақырып алып: «сіздің ұлыңызға «Синдром Дауна» деген диагноз қойып отырмыз, бірақ дəл кесіп айта алмаймыз» дегенде, ойымда ештеңе жоқ, бұрын биология оқығанымызда оқығаным бар, бірақ, нақты қандай екенін білмегендіктен, жарайды деп кете бердім. Сосын палатаға келіп интернетті ақтарып, оқығаннан бастап, баламды зерттей бастадым. Мүлдем сенбедім, жолдасыма: ''дəрігерлер осылай деп айтып жатыр десем, олда «ой көп сөйлей бермесін, менің баламның ондай ештеңесі жоқ'' деп олда сенбеді. Басқа ешқандай туыстарға , достарға айтпадық! Сенбесекте, неде болса қан тапсырып көрейік деп, ақысыз жəне ақылы түрдеде 2 рет тапсырып, қолымызға анализ қортындысын бергенде төбемнен жай түскендей болдым. «Неге мен, неге менің балам» деп қатты жылап, баламды көрсем болды жылайтынмын. Сол кезде «күйемнің жəне туыстарының алдында өзімді сондай кінəлі сезіндім. Сол кезде күйемнің «ештеңесі жоқ менің балам бəрінен озатын болады, сенің ішінде болып осындай диагноз болсада алдыртқызбайтын едім, бұл менің балам дегенде» өз - өзіме келгендей болдым. Біраз не істерімді білмей, өмірге басқаша көзбен қарап, «мен енді бұрынғыдан да мықты болып, баламды қалайда аяғынан нық тұрғызуым керек» деген ой түйдім. Сол кезде Алла Тағаланың көмегі ма жақсы педиатр, неврапотолог кездесіп, олар тек жақсы кеңестерін айтып, документ жағынанда көмектесті.

Сол күндерден бастап үнемі баламды дамытумен келемін, шамамның жеткенінше апару керек жерлердің бəріне апарамын. Қазір Заңғар 4-ке келіп, үлкен жігіт, көз қуанышымыз, Алла Тағалама мың сан шүкіршілік айтамын, осындай қылықтары тəп-тəтті, үнемі күндей күлімдеп жүретін періштені бергеніне! Өмірімнің мəні, күншуағым!

Другие истории

Машуня родилась 25 декабря 2013 г., в морозное Рождественское утро. О том, что она солнечная не подозревали ни врачи, которые делали все плановые скрининги, анализы и УЗИ во время беременности, ни я..
Имя с супругом согласовали по дороге в роддом. А до этого были споры: мне не нравились варианты имен мужа, а ему мои. Но, поскольку к малышу надо сразу обращаться по имени, то и договорились. Тянуть больше некуда было.
Екінші скрининке барганымда (20 аптада) "ВПР- кистозная гигрома шеи"- деді. Мен оны түсінбедім. "Түрі көрінбейді, жүрегі ұнамайды, мойны жоқ, аяқ-қолы қисық"- деді тағы.
Аяғым ауыр кезде, дәрігер бірнеше рет ультрадыбыстық тексеруге, доплерографияға жіберді. Бірақ, тексеріс нәтижелерінде ешқандай синдром белгілері анықталмады.