Менің атым Асель. Ұлымды 35 жасымда босандым. Бұл менің үшінші жүктілігім еді.

Менің атым Асель. Ұлымды 35 жасымда босандым. Бұл менің үшінші жүктілігім еді. Учетқа 11 аптада турдым. Жүктілігім жақсы өтті,бірақ бірінші триместрда гемоглобин төмен болып,соңғы триместрде суық тиіп ауырып қалғаным болмаса. Анализдердін бәрін және скринингті уақтылы өткізіп отырдым,нәтижелері дұрыс болып шықты. Бірақ маған жасыма қарап балам Синдром Дауна болып туылуы мүмкін деген риск қойылмады. Біржағынан ойлаймын,білген күннін өзінде,аборт жасап,тірі жанды,өзімнін баламды өлтіре алмар едім.

Міне 08.07.2016 ж толғағымда жетіп,38 аптада баламды,Дінасылымды босандым. Өзі сондай кішкентай,бойы 47 см,салмағы 2495 гр. Қасымда үлкен әпкем болды,бәрі дұрыс болғанымен,дәрігерлер өзара сөйлесіп,біраз баламды қарап,қолыма берді,бірақ ешнәрсе айтпады. Сөйтіп палатаға ауыстық,балам әлсіз дұрыс ембейді,ұйықтай берді. Содан педиатр келіп,қарап: «жүктілігіңіз қалай өтті,анализ жасатып,скрининг өтіппедіңіз» - деп сұрап, «сіздін балаңыз әлсіз,түріде ерекше» -дегенде, мен «түрі кіші қызыма ұқсап тур» дедім. Бірақ дәрігер балаңызда, мүмкін Синдром Дауна бар деп ешнарсе айтпады және кариотипке қан да алмады. Сонымен, 6 күннен соң үйге шықтық,выпискамызға консультация генетика деген сөз жазылды.

Үйде жолдасым,туысқандар,достарымыз,барлығы баламды кіші қызыма ұқсатты,солай выпискадағы сөз мағыналы болмады. 1 айдан соң,өзіміздің 29-шы поликлиникаға приемға бардық,педиатр тексерип,салмақ қосып,бойымызды өлшеді. Менің, консультация генетикаға баруым керекпа деген,сұрағыма өзіңіз біліңіз деген соң,мен жүктілік кезіндегі Синдром Даунаға анализдері расталмаған соң бармадым. Содан кейін 3 айында ақылы неврапатологқа барғанда,баламды тексеріп,сіздерде 50/50 пайыз Синдром Даунаға күмәнім бар деп,кариотипке қан тапсыруға жіберді.

2 апта анализ дайын болғанша,өзімді қоятын орын таппай,ішімнен тұнып, Алла Тағаламнан баламнын жағдайын сұраумен болдым. Анализді алатын күні жүрегім біртүрлі тартып,сыздап ауырғанда,Синдром болатанын сездім..... Иә,ондайды естіп,басыннан кешіру оңай емес,жыладым да,өз-өзіме ренжідім де,баламның болашағын ойлап мұңайған кундер көп болды.... Бірақ қасымда тірегім,жолдасым болып,меніде,баламыздыда қолдап күш-қуат берді. Баламыздан бас тартамыз деген ой миымызга кіріп та шыққан жоқ.

Міне бүгінгі күнде ұлымызға,Дінасылымызға 1 жас 9 ай. Талай заттар өтті,ауырып бірнеше рет больницаға да түстік,әлсіз болғанымызда,тісіміз шығып түнімен қолдан түспей жүргенімізде,бірақ соған қарамастан Дінасылымыз өсіп,өніп келе жатыр. Қазір отырады,еңбектейді,2 әпкесимен қалыспай ойнайды. Қолымыздан келгенімізді істеп,өз қатарынан қалмасын деп тырысып,массаж,лфк,бассейн,ерте даму сабағынада,басқада ем-шарасын алып жүрміз. Тағыда «Күн бала» қорына ерекше бір алғысымды айтқым келеді,біздің балларымызға қамқор болып,көмектесіп,басқа аналардын басын біріктіргені үшін!!!

Күннен күнге өзі сүйкімді,тәп-тәтті,ренжігіш,арасында бұзық,қырсық мінезін көрсетіп қояды. Шынымен де үйде күншуағымыз,күніміз,ұлымыз бар!!! Барлығымыз жақсы кореміз, ал ұлым болса біздерге деген мейірімін аямай береді. Әкесін ерекше жақсы көреді,жұмыстан қатты күтіп,сағынып,келгенде қолынан туспейді. Баламнын Синдром Дауна болып туылғанына өкінбеймін,басқа адамдар не айтады екен деп, қорықпаймын да,мән де бермеймін,уйде тығылып отырмаймын,барлық жерлерге отбасымызбен бірге шығамыз!

Кей кезде,егер анализдеде,скринигтеде Синдром көрінбей,ұлымнын осы дүниеге келүі Алла Тағаланын бізге деген бір мейірімі,шапағаты шығар деп ойлаймын! Мың да бір рахмет Жаратушыма!!!!!!

Другие истории

За месяц до кесарева сечения, дочке сделали операцию на почку. По показаниям врачей, из-за осложнений на сердце (порок) было решено досрочно родоразрешать. Срок был 27-28 недель.
На учет я встала на 13 неделе по месту жительства - Талгарский район, поселок Туздыбастау.
Первый скрининг показал немного повышенный риск синдрома Дауна, но все повторные анализы были в норме.
Екінші скрининке барганымда (20 аптада) "ВПР- кистозная гигрома шеи"- деді. Мен оны түсінбедім. "Түрі көрінбейді, жүрегі ұнамайды, мойны жоқ, аяқ-қолы қисық"- деді тағы.