Егер үйіңізде «кун» туса

Біздің қор Алматы қаласы мен облысының барлық түзету орталықтарымен, Даун синдромымен туылған адамдарға арналған клубтармен тығыз қарым-қатынаста. Сонымен қатар, Қор мамандары Даун синдромы бар 7 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына баланы дамыту және олардың тәрбиесіне қатысты кеңес береді.

2016 жылы қор жанынан Алматы қаласы әкімшілігі қолдауы және демеушілігімен «Күн бала» түзету орталығы ашылды. Түзету орталығында төмендегідей қызметтер көрсетіледі: ЕДТ (емдік дене тәрбиесі), ерте жастан дамытуға арналған топтық сабақтар, дефектологпен өтетін жеке сабақтар, жасөспірімдерге арналған психологпен топтық кездесулер, жасөспірімдерге арналған мастер-класстар.

Сонымен қоса, 18 жастан асқан Даун синдромы бар адамдарға арналған арнайы дәрістер және оларды жұмыспен қамтуға қатысты шаралар жүргізіледі.