Олар да бәріміз секілді

Қор жұмысының маңызды бағыттарының бірі – Даун синдромымен туылған адамдардың қоғамға араласуы және олардың әлеуметтік бейімделуі. Біз Даун синдромы бар адамдардан сескенбей,оларды кері итермей, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылданғандарын қалаймыз.

Осы мақсатта Даун синдромымен туылған адамдардың қоғамда бейімделуіне бағытталған түрлі шаралар мен науқандар ұйымдастырып, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін көрсетіп, басқа балалармен бірге қатысатын шараларды өткіземіз.