Әр бала өз отбасында өмір сүруі керек

Әр бала өз отбасында өмір сүруі керек

Ата-ана үшін нәрестесінің Даун синдромымен туылуы көп жағдайда күтпеген жерден болады. Не істеу керек? Әрі қарай қалай өмір сүру керек? Кім кінәлі? Осы сияқты тағы да көптеген сұрақтар «ерекше» нәресте дүние есігін ашқан әрбір жанұяны мазалайды. Кейде тіпті қатты соққыдан есеңгіреп қалған ата-ана жаңа туған нәрестеден бас тартып, оны балалар үйіне өткізуге бел буып жатады. Біз осындай жағдайға душар болған отбасыларға қол ұшын беріп, дұрыс шешім қабылдауларына ықпал еткіміз келеді. Осы мақсатта біздің қор Даун синдромымен туылған нәрестелердің ата-аналарына жедел психологиялық көмек көрсетіп, бала тәрбиесі мен даму ерекшеліктері толығымен көрсетілген арнайы әдебиеттермен, түзету-педагогикалық орталықтардың байланыс нөмірлерімен, заң бойынша тиесілі жеңілдіктер және жәрдемақы жөнінде ақпаратпен, сонымен қатар қажетті маман туралы мәліметпен қамтамасыз етеді. Егер сіз Даун синдромымен туылған баланың дәрігері болсаңыз